“No Kings”: АҚШ-та Трамптың билік саясатына қарсы наразылық өршіді

АҚШ-тың барлық 50 штатында, сондай-ақ Канада, Мексика және Еуропаның бірнеше елінде Трамптың саясатына қарсы жаппай наразылық акциялары өтті, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, тек АҚШ-тың өзінде бұл шараларға шамамен 7 миллион адам қатысқан.
18 қазан, жексенбі күні өткен митингілер No Kings (“Патшаларға жол жоқ”) деген ұранмен өтті. Бұл туралы ұйымдастырушылар жариялаған картадан белгілі болды.
Акциялар 1 қазаннан бері жалғасып келе жатқан АҚШ үкіметінің жұмысын тоқтату (шатдаун) жағдайының аясында өтті. Бұл мәселеде Демократиялық және Республикалық партия өкілдері бір-бірін айыптап отыр.
Наразылар президенттің “авторитарлық билікті басып алуы” мен көші-қон саясатына да қарсы шықты. Соңғысының аясында ірі қалаларда заңсыз мигранттарға қарсы рейдтер кезінде Ұлттық гвардия енгізілген болатын.
Көшеге шыққандар қолдарына ұлттық жалаулар мен жазулары бар плакаттар ұстады. Онда:
• «Патшаларға жол жоқ»,
• «Миллиардерлер АҚШ-ты құртып жатыр»,
• «Режимнен құтылыңдар»,
• «Монархия емес, демократия!»
деген сөздер жазылған.
Трампа
Фото: Tom Hudson/ZUMA/dpa/picture alliancе