457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп Зеленскийге: «Томагавктарды беруге дайын емеспін»

Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі «оңай өтпеген», деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
«Ешкім дауыс көтерген жоқ, бірақ Трамп қатаң болды», – деп сипаттады дереккөз.
Ақ үйдегі кездесу барысында Дональд Трамп қазірше Киевке алысқа ұшатын Tomahawk зымырандарын беруді жоспарламайтынын мәлімдеді. Бұл туралы 17 қазан, жұма күні Axios басылымы екі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Басылымның мәліметінше, Зеленский Вашингтоннан зымырандарды алу жөнінде уәде күткен, алайда Ресей президенті Владимир Путинмен ұзақ телефон әңгімесінен кейін Трамптың көңіл күйі мүлде басқа болған.
Фото: Matthew Daniels/U.S. Navy/Getty Images