Отырып алып тарихты тарқатты. Трамп ақыры дауыс көтерді.

Биыл тамыз айында Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Анкориджде (Аляска шт.) кездескен болатын, деп хабарлайды Malim.kz.
Financial Times басылымы сол жабық есік артындағы келіссөздердің қалай өткені туралы жазыпты.
Басылымның дереккөзінің мәліметінше, Путин Украинаның капитуляциясын талап етіп, қасарысып алған. Сосын өзінің талабын негіздеу үшін тарихтан лекцияға ұқсайтын ұзыннан шұбақ әңгіме айтқан. Путин Ресей тарихын тереңнен тартып, әңгімені сонау Рюриковичтерден бастапты. Сөзінің тоқетері – орыс пен украин бір халық дегенге келіпті.
Трамп бұған ашуланыпты. Ақыр аяғы – Путинге дауыс көтеріп, келіссөзден шығамын деп қорқытыпты. Сұхбаттан есеңгіреген Трамптың жынданғаны сондай, алда жоспарланған бірлескен түстік асты болдырмай тастады дейді басылымның дереккөзі.
Фото: shutterstock