457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей Украинаны тағы да атқылады: үш адам қаза тапты, ондаған адам жараланды

Ресейдің Днепропетровск облысына жасаған соққылары салдарынан екі адам көз жұмып, жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Киевке түнгі зымыран шабуылдары кезінде бір адам қаза тауып, тағы 10 адам жараланды.

Ресей армиясы 25 қазанға қараған түні Украина аумағына жаппай әуе шабуылын жасады. Днепропетровск облысына дрондар мен зымырандар қолданылған соққылардың салдарынан кемінде екі адам қаза тауып, жеті адам жараланды. Бұл туралы облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Владислав Гайваненко Telegram-да хабарлады.

«Өрт шықты. Көпқабатты және жеке тұрғын үйлер, шаруашылық құрылысы, дүкен мен көлік зақымданды», – деп жазды ол.

Фото: Valentyn Ogirenko/REUTERS