457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп: Путин келісімге дайын болмайынша, кездесу болмайды

АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путинмен жаңа кездесу өткізуге әзірге ниетті емес екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мұндай кездесу тек Кремль Украинамен бейбіт келісім жасауға дайын болған жағдайда ғана мүмкін.

«Біз келісімге қол қоюға жақындағанымызды нақты білуіміз керек. Мен уақытымды босқа өткізгім келмейді», — деді Трамп 25 қазанда Дохада журналистерге берген сұхбатында.

Ол Будапештте өтеді деп жоспарланған, кейін өзі тоқтатқан Путинмен саммит туралы да айтты. 23 қазанда Трамп кездесудің күшін жойғанын жариялаған болатын.

«Біздің жақсы әңгімелеріміз болады, бірақ олардың ешқайсысы нақты нәтижеге әкелмейді. Жай ғана ештеңеге әкелмейді», — деп атап өтті АҚШ президенті.

Фото: report.az