457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

АҚШ әскері Тынық мұхитында есірткі тасыған кемелерге соққы жасады

АҚШ-тың Қорғаныс министрі Питер Хегсет Тынық мұхитында есірткі тасымалдады деп күдік келтірілген төрт кемеге шабуыл жасалғанын, нәтижесінде кемелердегі 15 адамның 14-і қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды Анадолы. 


Хегсет америкалық X әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде Тынық мұхитында АҚШ-қа көп мөлшерде есірткі жеткізді деп болжанған төрт кеменің атқыланған сәті түсірілген бейнежазбалармен бөлісті.

Министрдің айтуынша, бұл шабуылдар АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығымен жүзеге асқан.

— АҚШ Қорғаныс министрлігі Тынық мұхиттың шығыс бөлігінде есірткі тасымалымен айналысқан және террористік ұйымдар басқарып отырған төрт кемеге соққы жасады, — деді ол.

Хегсет бұл кемелердің АҚШ барлау қызметі арқылы бақыланғанын және олардың «есірткі тасымалдаудың белгілі бағыттарымен жүзіп, есірткі алып жүргенін» айтты.

Оның сөзінше, шабуылдар халықаралық суда болған, америкалық сарбаздар арасында шығын жоқ.

— Үш соққы нәтижесінде 14 есірткімен айналысқан террорист қаза тапты, бір адам тірі қалды, — деді министр.

Сондай-ақ Хегсет АҚШ Қорғаныс министрлігі «20 жылдан астам уақыт бойы өзге елдердің жерін қорғағанын», енді «өз отанын қорғауға кіріскенін» атап өтті.

Министрдің айтуынша, бұл топтың мүшелері елге есірткі кіргізу арқылы «Аль-Каида» террорлық ұйымынан да көп америкалықтың өмірін қиған, сондықтан олар дәл сол ұйымға қарсы қолданылған шаралармен бірдей әрекетке ұшырайды. 

Фото: REUTERS/Sean M. Castellano/Courtesy U.S. Navy