457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мәскеуге 30-дан астам дрон шабуыл жасады

Дрон шабуылынан Серпухов қаласындағы мұнай базасында өрт шыққан

26 қазан күні кешке және дүйсенбіге қараған түні Мәскеу бағытына отыздан астам дрон жіберілген. Ресей астанасының мэрі Сергей Собяниннің мәлімдеуінше, олардың барлығы әуе шабуылына қарсы қорғаныс күшіінің тарапынан жойылған.

Тұрғындардың айтуынша, әуе қорғаныс жүйесі Коломна, Троицк, Климовск, Подольск, Домодедово, Дубна және Раменск қалаларында жұмыс істеген, деп нақтылайды "ВЧК-ОГПУ" Telegram-арнасы. Куәгерлердің сөзінше, Жуковский қаласында атып түсірілген дронның құлаған жерінде өрт шыққан.

Жуковский және Домодедово әуежайларының жұмысы шектелді
Рейстердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 27 қазанға қараған түні Жуковский мен Домодедово әуежайларында ұшақтарды қабылдау және ұшыру уақытша тоқтатылған. Бұл шектеулер 27 қазан күні таңғы сағат 4:00 шамасында алынып тасталған. Росавиацияның мәліметінше, шектеу кезінде төрт ұшақ қосалқы аэродромдарға қонған.

Telegram-арнасы Shot Мәскеу бағытына ұшып келе жатқан бірнеше дрон Тула облысы аумағында атып түсірілгенін хабарлады.
«Тула, сондай-ақ Ленин және Заречен аудандарының тұрғындары аспанда қатты жарылыстар мен жарқылдарды байқағанын хабарлайды. Ресми ақпарат әзірге берілген жоқ», – делінген жазбада.

Тула облысының губернаторы Дмитрий Миляев түн ішінде аймақ аумағында 32 дрон атып түсірілгенін мәлімдеді.

27 қазан таңертең Ресей Қорғаныс министрлігі түн ішінде Ресейдің әртүрлі өңірлерінде барлығы 193 украин дронының ұсталып, жойылғанын, соның ішінде Мәскеу облысы аумағында 40 дрон, ал Мәскеуге бағытталғандарының саны 34 болғанын хабарлады.

Серпуховтағы мұнай базасында шыққан өрт
Мониторинг жүргізетін арналардың хабарлауынша, 26 қазан түстен кейін Мәскеу маңындағы Серпухов қаласындағы мұнай базасына дрон шабуылының салдарынан өрт шыққан. Telegram-арнасы Astra Серпухов мұнай базасы ауданында өрт болғанын хабарлады.
«Серпухов қалалық округі әкімшілігі жергілікті БАҚ-қа берген түсініктемесінде жанар-жағармай таситын көлік жанғанын, өрттің тез сөндірілгенін айтты», – деп жазады басылым.

Фото: Maxim Grigoryev/ZUMAPRESS/picture alliance