457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қорғаныс министрлігі сарбазды ұрып-соққан видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Дипфейк технологиясы қолданылған

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде әскери қызметшіге қатысты заңсыз әрекеттер бейнеленген видеороликтің таралуына байланысты түсініктеме берді. 


Әлеуметтік желілерде әскери қызметшіге қатысты заңсыз әрекеттер бейнеленген видеороликтің таралуына байланысты төмендегіні хабарлаймыз.

Аталған бейнематериал — «Қырғызфильм» киностудиясы түсірген «Баткен» көркем фильмінің үзіндісі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ. Роликке қазақ тіліндегі дыбысжол жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы жүктелген.

БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз, — делінген министрлік хабарламасында.

Фото: lada.kz 

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00