Путин әскерге 135 мың адамды шақыруды тапсырды

Ресей президенті Владимир Путин күзгі әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды. 2025 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін 18 бен 30 жас аралығындағы 135 мың азамат әскери қызметке шақырылады, деп хабарлайды Malim.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Құжат ресми құқықтық ақпарат порталында жарияланды. Онда әскерге шақыру қорытағында тұрған жоқ, бірақ заңға сәйкес әскери борышын өтеуге міндетті азаматтарды қамтитыны атап өтілген.
Сондай-ақ жарлыққа сәйкес, әскери қызмет мерзімі аяқталған сарбаздар, матростар, сержанттар мен старшиналар әскер қатарынан босатылады.
Бұған дейін РФ Қорғаныс министрлігі Бас штабының ұйымдастыру-мобилизациялық басқармасы бастығының орынбасары Владимир Цимлянский күзгі әскерге шақыру арнайы әскери операциямен байланысты емес екенін айтқан. Оның сөзінше, мерзімді қызмет бұрынғыдай 12 айға созылады, ал әскерге шақырылғандар тек Ресей аумағындағы әскери бөлімдерде қызмет етеді.
Фото: Юрий Смитюк / ТАСС