Әскерде жүрген сарбаз Ақтаудағы психоневрологиялық диспансерге түсті

Ақтауда мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың психоневрологиялық диспансерге түсуіне байланысты құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz КазТаг-ке сілтеме жасап.
«Әскери бөлімге келген сәттен бастап қатардағы Ш. командирлермен және психологпен әңгіме барысында бірнеше рет әскери қызмет атқарғысы келмейтінін білдірген. 2025 жылдың 15 қыркүйегінде ол алдын ала “психикалық ауытқу” диагнозымен Ақтау қаласындағы психоневрологиялық диспансерге жатқызылды. Бұл туралы әскери қызметшінің ата-анасына хабарланды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қатардағы Ш.-ға қатысты заңсыз әрекеттер болуы мүмкін деген дерек бойынша тексеру жүргізуде», – делінген Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлері баспасөз қызметінің дүйсенбі күнгі хабарламасында.
Сонымен қатар, толыққанды тексеру үшін сарбазды Қорғаныс министрлігінің Астанадағы Бас әскери клиникалық госпиталіне жіберу жоспарланып отырғаны айтылды.
«Азаматтарды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін расталмаған мәлімет пен ерте жасалған пікірлерді таратудан бас тартуға шақырамыз», – деп қосты Қарулы күштер өкілдері.
Бұған дейін бұл жағдай туралы EGOV.PRESS Telegram-арнасы хабарлаған еді.
«Маңғыстау облысында 18 жастағы сарбаз бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсамақ болғаннан кейін психиатриялық ауруханада тап болды. Анасы оның клиникада жатқанын басқа ата-аналардан білген. Ол бұған дедовщина мен жыныстық зорлық-зомбылық себеп болды деп санайды», – делінген хабарламада.
Фото: Telegram-канал EGOV.PRESS