457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

НАТО-ның Әскери комитеті Ресейдің арандатушы әрекетіне алаңдаулы

НАТО Әскери комитетінің төрағасы, адмирал Джузеппе Каво Драгоне Ресей ұшақтары мен дрондарының НАТО елдерінің әуе кеңістігін бұзуына альянстың жауабы бұдан былай қатаң болатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы ол 27 қыркүйек, сенбі күні альянсқа мүше мемлекеттердің Бас штаб бастықтарының кездесуінде мәлімдеді. Драгоне мұндай әрекеттерге тап болған барлық одақтастарына «толық әрі сөзсіз ынтымақтастық» білдіретінін жеткізді.

Италиялық адмирал бұл әрекеттерді «қақтығысты ушықтыратын жауапсыздық» және адамдардың өміріне қауіп төндіретін қадамдар деп атап, олардың толық жауапкершілігі Мәскеудің мойнында екенін айтты.

Өз сөзінде ол тарихи оқиғаларға да тоқталды:
«1939 жылғы 25 қыркүйекте кеңестік бомбалаушы және барлау ұшақтары Балтықтың үш елінің – Латвия, Литва және Эстонияның – әуе кеңістігін бұзды. Бұл жай ғана арандатушылық емес еді – бұл Мәскеудің өз еркін таңуға дайын екенінің белгісі болды», – деді Драгоне.

Оның айтуынша, бұл жағдай бүгін де ескерту ретінде есте қалуы тиіс.

Фото: IMS/NATO