457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Зеленский соғыстан кейін отставкаға кетуге дайын екенін айтты

Президент сонымен қатар бірқатар кедергілер де бар екенін атап өтті

«Менің мақсатым — соғысты аяқтау, ал сайлауға қайта қатысу емес», — деді Украина президенті Axios басылымына берген сұхбатында, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналистердің «Соғыс біткен соң өз жұмысыңызды аяқталған деп санайсыз ба?» деген сұрағына Зеленский ол кезде отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

Axios жазғандай, Украина басшысы соғыс қимылдары тоқтап, атысты тоқтату режиміне қол жеткізілген жағдайда Жоғарғы Радаға сайлау өткізу туралы өтінішпен шығуға әзір екенін айтты.

Президент сонымен қатар бірқатар кедергілер бар екенін атап өтті. Ең бастысы — елдің кейбір аймақтарындағы қауіпсіздік жағдайы мен Конституция талаптары. Украина Конституциясы әскери жағдай кезінде сайлау өткізуге тікелей тыйым салады. Соған қарамастан, Зеленский соғыс аяқталғаннан кейін сайлау өткізу мүмкін деп санайтынын жеткізді.

Фото: Thomas Peter / Reuters