457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Зеленский Трамптан Tomahawk зымыран сұрады

АҚШ президенті Путиннің соғысты тоқтатуға бағытталған әрекеттерін елемегеніне қатты ашулы

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен БҰҰ Бас Ассамблеясы аясындағы Нью-Йорктегі жабық кездесуде Киевке алыс қашықтыққа ұшатын Tomahawk қанатты зымырандарын сұраған, деп хабарлайды Malim.kz The Telegraph газетіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Зеленский Tomahawk зымырандары "РФ президенті Владимир Путинді бейбіт келісімді талқылау үшін келіссөздер үстеліне отыруға көндіруге көмектеседі" деп айтқан.

Басылым дереккөздері бұл кездесуді "өте жағымды" деп атағанымен, Трамптың Зеленскийдің өтінішіне қалай жауап бергенін нақтыламады.

Кейінірек Axios басылымына берген сұхбатында Зеленский АҚШ президентінен "жаңа қару-жарақ жүйесін" сұрағанын, ол Путинді келіссөздер бастауға мәжбүрлейді деп есептейтінін айтты. Бірақ ол қандай жүйе екенін нақтыламады. Оның сөзінше, Трамп оған: "Біз бұл бағытта жұмыс істейміз" деп жауап берген.

The Telegraph-тың жазуынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марк Рубио еуропалық әріптестеріне Трамптың Украинаға қатысты соңғы кезде өзгерген риторикасын "мейлінше оң қадам" ретінде қабылдау қажеттігін айтқан. Рубионың сөзінше, АҚШ президенті Путиннің соғысты тоқтатуға бағытталған әрекеттерін елемегеніне қатты ашулы.

Басылым еске салғандай, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден бұған дейін Зеленскийдің Украинаға Tomahawk зымыранын беру туралы өтінішін қабылдамаған. Ол кезде Ақ үй әкімшілігі алыс қашықтықтағы зымырандарды жеткізуді тым қауіпті деп санаған, себебі олар теориялық тұрғыдан Мәскеудегі нысандарды да атып түсіре алады және Ресейдің ең заманауи әуе қорғаныс жүйелерін айналып өтуі ықтимал. Бұл қақтығыстың ушығуына әкеліп соғуы мүмкін деп есептелген.

Фото: POU/ROPI/picture alliance