"Әрекетсіздік танытты": Трамп Біріккен Ұлттар Ұйымын сынап тастады

АҚШ президенті Дональд Трамп Біріккен Ұлттар Ұйымын халықаралық қақтығыстарды реттеуде әрекетсіздік танытты деп айыптады. 23 қыркүйек, сейсенбі күні Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында әлем көшбасшыларына арнаған сөзінде ол бұл ұйымның «өз әлеуетін жүзеге асыруға тіпті жақындамағанын» мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Трамптың айтуынша, соңғы 7 айда ол «жеті шексіз соғысты тоқтатты», алайда «сол жағдайлардың ешқайсысында БҰҰ көмек көрсетуге талпынбаған». Осыған байланысты ол риторикалық сұрақ қойып, БҰҰ-ның мақсаты не? Бұл ұйымның орасан зор әлеуеті бар, мен әрқашан айтып жүрмін, бірақ ол әлі күнге дейін оны жүзеге асырған жоқ» деді.
Трамп БҰҰ-ны «міндетті мәселелерді шешпей қана қоймай, жаңа проблемалар туындатып отыр» деп айыптап, залға қарата: «Сіздердің елдеріңіз күйреп жатыр», – деді.
Оның пікірінше, бақылаусыз көші-қон – «қазіргі уақыттың басты проблемасы». Трамптың айтуынша, БҰҰ «батыс елдеріне және олардың шекараларына қарсы шабуылды қаржыландырып отыр».
Ол заңсыз мигранттарға ұйымның «тамақ, баспана, көлік және төлем карталарын беретінін» айтып, олардың АҚШ-қа кіріп, кейін билік тарапынан депортацияланатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар, ол Еуропа елдері «бұрын-соңды болмаған заңсыз мигранттардың күштi ағымына тап болды, бірақ ешкім жағдайды өзгерту үшін әрекет етпейді» деді.
Фото: Kay Nietfeld/dpa/picture alliance