Тоқаев Украина дағдарысына қатысты пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан дауды ушықтырғаннан гөрі дипломатияға жүгінуді, күш қолданғаннан гөрі диалог жүргізуді жөн деп санайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-ші сессиясының Жалпы дебатында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
«Қазақстан бейбіт тұрғындарға орасан зор залал келтіріп, жаһандық сенімге селкеу түсірген және халықаралық қауіпсіздікті әлсіреткен алаңдаулы. Дегенмен аталған қақтығысты тоқтату үшін екіжақты және халықаралық деңгейдегі дипломатиялық күш-жігерді жалғастырып, қос мемлекет ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келетін саяси икемділік көрсетуі керек, - дейді президент.
Оның айтуынша, территориялық дау-дамайды шешу ешқашан оңай болған емес.
Ол келешек ұрпақтың қамы үшін екі жақтың да барынша ұстамдылық пен жауапкершілік танытуын талап етеді. Өшпенділік психологиясы қақтығысқа қатысушы тараптардың бітімге келуіне мүмкіндік қалдырмай, қай-қайсысын да құрдымға жібереді, - деді Тоқаев.
Фото: видеодан кадр