"Назаровты Әлия Назарбаеваның күзеті деп таныстырды". Журналист депутаттың еңбек жолында да ақтаңдақтар бар дейді (видео)

IMAGE: ©egemen.kz
Бұдан бұрын журналист Гүлбану Әбенованың мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың білім жолына қатысты туындаған сауалдарын жазған болатынбыз.
Онда журналист депутаттың жария түрде көрсетілген оқыған жылдарын сәйкестіре алмағанын айтқан болатын.
Енді, Гүлбану Әбенова Ардақ Назаровтың еңбек жолы туралы видео жариялады. Онда Назаровтың жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы және жеке клубта жұмыс істегеніне айғақ таба алмағанын айтады. Сонымен бірге, журналист 2005 жылы Ресейде өткен жекпе жектің видеосынан үзінді келтірген. Онда комментатор Ардақ Назаровты президент Назарбаевтың қызы - Әлия Назарбаеваның күзеті екенін айтыпты: