457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ардақ Назаров: Назарбаевтардың күзетшісі болған жоқпын; бірнеше ЖОО бітіргенім - рас

IMAGES: ©egemen.kz

NewTimes.kz агенттігі мәжіліс депутатының өзі туралы қауесеттерге жауаптарын жариялапты.

Ол Назарбаевтардың күзетшісі болғаны және бір жылда бірнеше дипломды заңсыз алғанын жоққа шығарды.

Журналистің, Назарбаевтар отбасына күзетші болып қызмет еттіңіз бе деген нақты сұрағына Ардақ Назаров:


Жүз рет айттым. Өтірік. -


деп жауап берген.

Соынмен бірге, бір жылда екі дипломды заңсыз алғаны туралы қауесетті де жоққа шығарды.


"Прокуратураға, басқа органдарға тексертсін. Мен колледж бітірдім, сосын бакалавр болдым, одан кейін ЖОО-да заң және экономика мамандықтарын алдым. Бұлар әр жылдары болды", -


депті депутат.

Айтуынша, ол 2009 жылы Қазақ жол қатынастары университетінде бакалавриат бітіріпті. Ал 2011 жылы сол университетте «Экономика» мамандығы бойынша магистратура бітірген. Сол 2011 жылы Абай атындағы педуниверситетте заңгер мамандығын да игерген.


"2009 жылы бакалавриат оқтыдым, 2011 жылы - магистратура, осылармен қатар заңгер мамандығын игердім", -


деді Ардақ Назаров.

Депутат осындай қуесет таратып жүргендерді сотқа бермейтінін айтыпты.

Бұдан бұрын журналист Гүлбану Әбенова депутат Ардақ Назаровтың алған біліміне күмән келтірген болатын. Ал жалпы, депутат әлеуметтік желілердің назарын өзіне парлментте отырып анасын құттықтағанымен аударды.