457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Песков: Путин Трампты Мәскеуде қабылдауға дайын

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен Мәскеуде кездесуге әлі де дайын, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Оның сөзінше, шешім америкалық тарапқа байланысты.

Песков ТАСС агенттігіне 28 қыркүйекте берген сұхбатында: «Бұл ұсыныс ұмыт қалған жоқ. Ол күшінде. Путин АҚШ президентімен кездесуге дайын және қуанышты болады», – деді.

Еске сала кетейік, 15 тамызда Аляскадағы Анкориджде өткен кездесу барысында Дональд Трамп Ресей президентімен тағы да жүздесуге үміт білдірген. Владимир Путин Мәскеуде кездесуді ұсынғанда, Трамп: «Әбден мүмкін», – деп жауап берген еді.

Фото: Getty Images/AFP/B. Smialowski

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00