457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Time Трамптың сынынан кейін журнал мұқабасын ауыстырды

АҚШ президенті Дональд Трамп журналдың алғашқы мұқабасын «ең сәтсіз фотолардың бірі» деп атаған соң, Time басылымы мұқабасын өзгертті

АҚШ президенті Дональд Трамп журналдың алғашқы мұқабасын «ең сәтсіз фотолардың бірі» деп атаған соң, Time басылымы мұқабасын өзгертті, деп хабарлайды Malim.kz УНИАН-ға сілтеме жасап.

Трамп алғашқы нұсқадағы суретке наразы болған.

«Менің шашым “жоғалып кеткен”, ал төбемде кішкентай, жүзіп тұрған тәжге ұқсас бірдеңе пайда болыпты», – деп шағымданған еді ол.

Нәтижесінде журнал жаңа мұқаба шығарды. Онда президент Ақ үйдің Овал кабинетінде, қолын иегінің астына қойып, тура қарап отыр.

Сондай-ақ мұқабадағы жазу да өзгерген. Бұрынғы «Оның триумфы» деген сөздің орнына енді «Трамп әлемі» деп жазылған.

Фото: Time журналы