457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Таразда жұмысшылар ереуілге шықты

Басты мәселе - жалақы

Тараздағы "Жасыл Ел-Тараз" мекемесінің 40-шақты қызметкері ереуілге шықты,деп хабарлайды ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz.


Шамамен 40 шақты қызметкер, оның ішінде «Жасыл Ел – Тараз» кәсіпорнының штаттық жұмысшылары мен халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы қоғамдық жұмысқа жіберілген азаматтар еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерге байланысты мәселелер көтерді.

Қызметкерлердің айтуынша, жалақылары тым төмен, ал зейнетақы мен медициналық сақтандыру қорына аударымдар жүйесіз жүргізіледі.

Оқиға орнына Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков келіп, жағдайды түсіндірді.

- Жалақыны көтеру мәселесін әкімдік қарастырып жатыр. Қаржылай бөлік облыс басшылығымен келісілді. Келер жылдан бастап штаттық қызметкерлердің еңбекақысы 20 пайызға өседі. Ал жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс істейтіндер бүгінде 80–85 мың теңге алса, енді барлық ұсталымнан кейін 150 мың теңге алады, – деді Исабеков.

Зейнетақы мен әлеуметтік аударымдардың тұрақтылығына қатысты шағымдар әлі тексеріледі. Алайда әкім орынбасарының айтуынша, егер жалақы толық және уақтылы берілсе, бухгалтерия міндетті аударымдарды жасамай қоюы мүмкін емес, деп жазады Kazinform.

Фото: Қала әкімдігі