Ресей Украинада атысты уақытша тоқтатуды ұсынды
Ресей Қорғаныс министрлігі Владимир Путиннен «шетелдік, соның ішінде украиналық журналистердің Қызыләскер (қазіргі Покровск), Димитров (қазіргі Мирноград) және Купянск аудандарына кедергісіз баруын қамтамасыз ету туралы» тапсырма алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Бұл қалалар қазір Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың ең шиеленіскен аймақтарында орналасқан. Покровск пен Купянск – Донецк және Харьков облыстарында.
Путин жексенбі күні таңертең Украина қарулы күштерінің үлкен тобы осы өңірлерде қоршауда қалғанын мәлімдеген еді. Алайда Украина тарапы бұл ақпаратты жоққа шығарып, жағдайдың қиын екенін мойындағанымен, қоршауға алыну фактісін растаған жоқ.
Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ресейлік қолбасшылық журналистердің келуін қамтамасыз ету үшін атышуды бес-алты сағатқа тоқтатуға және шетелдік БАҚ өкілдерінің қауіпсіз қозғалысына мүмкіндік беретін дәліздер ашуға дайын.
Бұл ұсынысты Ресей президенті Путиннің өзі айтқан. Ол бұл туралы жексенбі күні Бас штаб бастығы Валерий Герасимовпен кездесуде көтерген болатын.
Фото: Reuters