457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Кремль АҚШ-қа "ядролық қару сынақтарын қайта бастау – қауіпті" екенін ескертті

Мәскеу Вашингтон осындай қадамға барса, ядролық сынақтарды қайта бастайтынын мәлімдеді

Мәскеу Вашингтон осындай қадамға барса, ядролық сынақтарды қайта бастайтынын мәлімдеді. Журналистерге берген сұхбатында Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков әлемде ядролық қару сынақтарына мораторий күшінде екенін еске салды және шексіз ұшу қашықтығына ие «Буревестник» ядролық қозғалтқышы бар қанатты зымыранын сынау мұндай сынаққа жатпайтынын атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

«Бізде әлдекімнің ядролық сынақ жүргізіп жатқаны туралы мәлімет болған емес. Егер әңгіме “Буревестник” сынағы жайында болса, ол ешқандай түрде ядролық сынақ болып саналмайды. Барлық мемлекет өз қорғаныс жүйесін дамыту жұмыстарын жүргізеді, бірақ бұл ядролық сынақ емес», – деді Песков.

Ол сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путиннің бұған дейін бірнеше рет ядролық сынақтарға тыйым салу туралы мораторий бұзылған жағдайда «жағдайға сай әрекет етеміз» деп ескерткенін еске салды.

Песков «Буревестник» сынақтарына қатысты ақпараттың АҚШ президенті Дональд Трампқа дұрыс жеткізілуіне үміт білдірді.

Бұған дейін Трамп Пентагонға ядролық қаруды сынау жұмыстарын бастауды тапсырғанын мәлімдеген.

«Басқа елдер сынақ бағдарламаларын жүргізіп жатқандықтан, мен Қорғаныс министрлігіне өзіміздің ядролық қару сынақтарын паритет негізінде бастауға тапсырма бердім. Бұл процесс дереу басталады», – деп жазды ол TruthSocial желісінде.
Ақ үй басшысы АҚШ-та «басқа кез келген елге қарағанда көбірек ядролық қару бар» екенін атап өтті.

Алайда Трамп нақты не туралы айтқаны белгісіз: толық ауқымды ядролық жарылыстарды ма, тасымалдау құралдарын сынауды ма, әлде жарылыссыз жүргізілетін субкритикалық сынақтарды ма – ол жағы анық емес.

АҚШ 1992 жылдан бері толыққанды ядролық қару сынақтарын жүргізген жоқ. Вашингтон 1996 жылғы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқақол қойғанымен, оны ратификацияламаған. Содан бері АҚШ Невада полигонында жер асты субкритикалық сынақтар өткізіп келеді.

Ал Мәскеу соңғы ядролық сынағын 1990 жылы, Кеңес Одағы кезінде өткізген.

Фото: Elena Palm/ZUMAPRESS.com/picture alliance