457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәнібек Әлімханұлы тарихи жекпе-жекке қол қойды

Орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін өтетін біріккен титулдық айқас ресми түрде алдағы күндері жарияланбақ, деп жазады Malim.kz. 

Қазіргі таңда 42 жастағы Лараның растауы күтіліп отыр. Жәнібектің өкілі Берік Сұлтан бұл туралы желіде жазба жариялады. 

Біз қазақ жанкүйерлері көптен күткен тарихи жекпе-жекке келісімшартқа қол қойдық. Бұл айқас орта салмақты дүр сілкіндіреді. Алдағы күндері промоутерлік компаниялар ресми жариялайды. Бізді үлкен шоу күтіп тұр. Негізгі мақсатымыз – барлық төрт белбеуді жинау. Құдай қаласа, тарих жасаймыз. Біз бар күшімізді салып жатырмыз, көп ұзамай еңбегіміздің жемісін көреміз. Осы қуанышты жаңалықпен сіздерді алдын ала қуантып қойғым келді, - деді.

BoxingScene дерегінше, Әлімханұлы мен Лара арасындағы жекпе-жек 6 желтоқсанда Сан-Антониода (Техас штаты) өтетін бокс кешінде жоспарланып отыр. Сол кештің басты айқасы – Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус арасындағы жекпе-жек болмақ.

Бұл шоуды Лараның промоутерлері Premier Boxing Champions ұйымдастырады. Жәнібек алғаш рет өзге промоушен аясында шаршы алаңға шыққалы отыр. Себебі оның командасы Top Rank шілдеден бері теледидарлық келісімшартсыз қалды – ESPN-мен жасалған келісім аяқталғаннан кейін бұл арнада бокс көрсетілмей отыр.

Фото: Getty images