457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өзбекстан футболшыларын әлем чемпионы Фабио Каннаваро жаттықтыратын болды

Италиялық жаттықтырушының жылдық жалақысы шамамен 4 миллион еуро болады

Футболдан Өзбекстан құрамасының бас бапкері қызметіне италиялық маман Фабио Каннаваро тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

52 жастағы Каннаваро әлем чемпионатына тұңғыш рет жолдама алған Өзбекстан құрамасын жаттықтыратын болды.

БАҚ мәліметінше, италиялық жаттықтырушының жылдық жалақысы шамамен 4 миллион еуро болады.

Бұған дейін Фабио Каннаваро Қытайдың «Эвергранд», Сауд Арабиясының «Әл-Наср», Қытай құрамасы, Италияның «Беневенто» және «Удинезе», сондай-ақ Хорватияның «Динамо Загреб» клубтарын жаттықтырған.

Ол футболшы кезеңінде 2006 жылы Италия құрамасының сапында әлем чемпионы атанып, сол жылдың қорытындысы бойынша «Алтын доп» иегері болған.

Фото: Instagram/uzbekistanfa