457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өзбекстан Ауғанстан мұнайын игермек

Ауған билігі өзбек компанияларына өз аумағында барлау және көмірсутектер өндіру жұмыстарын жүргізуге лицензия берді

Ауған билігі өзбек компанияларына өз аумағында барлау және көмірсутектер өндіру жұмыстарын жүргізуге лицензия берді, деп хабарлайды Malim.kz Gazeta.uzсайтына сілтеме жасап.

Өзбекстанның энергетика министрі Жұрабек Мирзамахмудовтың айтуынша, 14 қыркүйекте Тути-Майдан газ кен орнын игеру жұмыстары басталды. Жобаны іске асыруға арналған 25 жылдық келісімшартты өзбекстандық Eriell KAM компаниясы қол қойған.

Бұл – алғашқы кезең. Оның нәтижесіне қарай біз жұмыстарды кеңейтіп, жаңа учаскелерде бірлескен қызметті дамытуды жоспарлап отырмыз, – деді Мирзамахмудов.

Министр бұл жобаның Өзбекстан мен Ауғанстанға бірдей пайда әкелетінін атап өтті.

Сондай-ақ ол Ауғанстандағы тұрақтылық пен инфрақұрылым дамуының маңыздылығына тоқталды, себебі бұл Өзбекстанға әлемдік мұхитқа шығу мүмкіндігін аша алады.

Егер болашақта елде бейбітшілік орнап, экономика дами түссе, бұл аумақ біздің транзит үшін ең қысқа бағытқа айналады, – деді министр.

Мирзамахмудовтың айтуынша, Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылық тек Өзбекстан үшін емес, бүкіл өңір елдері үшін маңызды.

Бұған қоса, қыркүйек айының басында Ауғанстанда Өзбекстанмен бірлескен 250 миллион долларлық энергетикалық жобалар іске қосылды. Олардың қатарында жаңа электр желілері мен қосалқы станциялардың құрылысы бар. Бұл жұмыстарды 2027 жылғы 1 сәуірге дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Фото: Pixabay