457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты

Мұнай өнімдері алдын ала жасақталған қорлардан жөнелтіледі

Мұнай өнімдері алдын ала жасақталған қорлардан жөнелтіледі.

Атырау мұнай өңдеу зауытында 1 қазанда жоспарлы-профилактикалық жұмыстар басталды, деп хабарлайды Malim.kz кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмысқа 1800-ден астам маман қатысып, қысымдағы ыдыстарды, аппараттарды, пештерді және технологиялық құбырларды тексереді.

Сондай-ақ реакторларды жөндеу, колонналардың ішкі құрылғыларын жаңарту және өзге де технологиялық жұмыстар жоспарланған.

«Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар кезінде мұнай өнімдерін жөнелту алдын ала жасақталған қорлар есебінен жүзеге асырылады. Зауыттың резервуарлық паркінде 37 мың тонна автобензин, 30 мың тонна дизель отыны және 6,8 мың тонна авиаотын жиналған. Бұл қорлар жұмыстар кезеңінде батыс өңірлерге өнімді бірқалыпты әрі уақытылы жөнелтуге мүмкіндік береді», – делінген кәсіпорын хабарламасында.

Технологиялық қондырғыларды кезең-кезеңімен қайта іске қосу 25 қазаннан басталмақ.

Фото: АМӨЗ