Дрон шабуылынан кейін Санкт-Петербург маңында мұнай өңдеу зауыты өртенді

Ресейдің Ленинград облысының Кириш ауданында дрон сынықтарының құлауынан зауытта өрт шыққан. Бұл туралы 14 қыркүйек, жексенбі күні аймақ губернаторы Александр Дрозденко Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол нақты қай кәсіпорында өрт болғанын айтқан жоқ, бірақ өрттің дер кезінде сөндірілгенін жеткізді.
Дрозденконың айтуынша, Кириши ауданында үш дрон жойылған.
Exilenova+ Telegram-арнасы соққы Кириш мұнай өңдеу зауытындағы ЭЛОУ АВТ-6 қондырғысына (мұнайды бастапқы айдау қондырғысы) тиген болуы мүмкін деп жазды. Желіде тараған кадрларда жалынның биік бағанасы байқалған.
Санкт-Петербургтегі Пулково әуежайында түнде уақытша ұшақтарды қабылдау және жіберуге шектеулер енгізілгенін Росавиация растады.
Кириш МӨЗ (Киришинефтеоргсинтез, КИНЕФ) Ресейдегі ең ірі 10 мұнай өңдеу зауытының қатарына кіреді. Оның жылдық қуаттылығы 20 миллион тоннадан асады.
Айта кетейік, Кириш мұнай өңдеу зауыты бұған дейін бірнеше рет дрон шабуылына ұшыраған. Соңғы рет биылғы наурызда дрон зауытқа жақындаған сәтте атып түсірілген еді. Ал ақпанда губернатор Дрозденко әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Волхов өзені үстінде тағы бір дронды жойғанын хабарлаған.
Фото: Aleksandr Gusev/Pacific Press/picture alliance