"Қашқандарды атып тастайды". Ресей сапында соғыста жүрген өзбек мигранты көмек сұрады
23 жастағы өзбек азаматы Акбар Курбонов Украинадан видео үндеу жолдап, майданнан бір-ақ шыққанын мәлімдеді,- деп хабарлайды Malim.kz Azattyq сайтына сілтеме жасап.
Айтуынша, бәз біреулер оны алдап-арбап Ресей сапында соғысуға жіберген. Анасы ұлына араша сұрап, Ташкенттегі мекемелердің табалдырығын тоздырып жүр. Өзбек билігі үнсіз.
"Президент, халқым! Олар қашуға талпынғандарды атып тастап жатыр. Соғысқа барғымыз келмейді десек, ұрып-соғып мәжбүрлейді" дейді Акбар Курбонов өз үндеуінде. "Олар кімді, қай жерде қорлағанын толық айтып беремін. Өзбектердің сүйегін қайда жерлегенін білемін. Олардың байғұс ата-аналары балалары үйіне оралады деп күтіп отыр. Соның бәрін біле тұра, үндемегенім жарамас. Өтінемін, көмектесіңіздер! Мен сияқты жапа шегіп отырғандар көп. Қасымда өзбектер көп, кейбірін жерлеп тастады",- деді ол.
Фото: ISW