457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Украинаның кей аймағы жарықсыз қалды

Ресей Донецк пен Сум облыстарындағы энергетикалық нысандарға әуе шабуылдарын жасады

Украинаның Энергетика министрлігі таңертең Донецк пен Сум облыстарындағы энергетикалық нысандарға Ресейдің әуе шабуылдары жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сум өңірінің бір бөлігі электр жарығынсыз қалды. Ресейлік соққылардың салдарынан Киев, Киев, Днепропетровск, Черкассы, Харьков және Сум облыстарында жарық апатты түрде өшірілді.

Кейін украиналық энергетикалық компания ДТЭК өз сайтында Киевте апатты емес, тұрақтандыру мақсатындағы жарық шектеулерінің енгізілгенін хабарлады. Сондай-ақ, Днепропетровск және Сум облыстарында да апатты ажыратулар тоқтатылып, жоспарлы график бойынша жарық өшіру тәртібіне көшкені айтылды.

Украинаның энергетика вице-министрі Николай Колесник Киевте өткен форумда Ресейдің тактикасын өзгерткенін және енді энергетикалық нысандарға аймақтық принцип бойынша соққы жасап жатқанын мәлімдеді:

«Біз бұл “призманың” облыстан облысқа қарай қозғалып жатқанын көріп отырмыз», — деді ол.

Ал Разумков орталығының энергетикалық және инфрақұрылымдық бағдарламалар директоры Владимир Омельченко Ресейдің бұл тәсілі арқылы Днепрдің оң және сол жағалауы арасындағы Украина энергетикалық жүйесінің бірлігін бұзуға тырысып жатқанын болжайды.

Сонымен қатар сарапшылар Украинада әуе қорғаныс жүйелерінің тапшылығы жағдайды күрделендіріп отырғанын атап өтті.

Фото: State Emergency Service of Ukraine in Sumy region/Handout via REUTERS