457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп НАТО-ны Ресей мұнайынан бас тартуға шақырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы «қатаң санкциялар» енгізуге дайын екенін мәлімдеді, бірақ бұл үшін НАТО елдері ресейлік мұнайды сатып алуды тоқтатуы қажет, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Ақ үй басшысының 13 қыркүйек, сенбі күні Truth Social әлеуметтік желісінде жариялаған хатында айтылған.

«Мен Ресейге қарсы қатаң санкциялар енгізуге дайынмын, бірақ ол үшін барлық НАТО елдері оған келісіп, дәл солай әрекет етіп, ресейлік мұнайды сатып алуды тоқтатуы қажет», – деп жазды Трамп.

Ол кейбір НАТО мүшелерінің Ресей мұнайын сатып алуын «таң қалатын жағдай» деп атап, бұл альянстың Мәскеуге ықпал ету мүмкіндігін әлсіретіп отырғанын айтты.

Өз хатында Трамп тағы да НАТО-ға мүше барлық мемлекеттерге Қытайдан әкелінетін тауарларға 50-100% көлемінде кедендік тариф енгізуді ұсынды. Оның пікірінше, мұндай шаралар Пекиннің Мәскеуге «күшті бақылауын» әлсірете алады. Бұған дейін ол осы ұсынысын 10 қыркүйекте де айтқан еді.

«Егер НАТО мен айтқандай әрекет етсе, соғыс тез аяқталады. Ал егер олай болмаса, онда сіздер менің ғана емес, сонымен бірге АҚШ-тың уақытын, күшін және қаржысын босқа шығындайсыздар», – деп түйіндеді Ақ үй басшысы.

Сондай-ақ, Трамп Украинадағы жағдайды «Байден мен Зеленскийдің соғысы» деп атады.

Бұған дейін Politico басылымы дереккөздерге сілтеме жасап, еуропалық көшбасшылардың Трампты Ресейдің соғысты тоқтатуға мүдделі еместігіне және оны келіссөздер үстеліне отыруға мәжбүрлеу қажеттігіне сендіргенін хабарлаған болатын.

Аталған басылымның мәліметінше, Вашингтонға ЕО-ның жоғары лауазымды шенеуніктерінен құралған делегация барып, жаңа шектеулердің ықтимал тетіктерін талқылады. Алайда Еуропа мен АҚШ арасында Ресейге қарсы қандай шаралар қабылдау керектігі жөнінде әлі де келіспеушіліктер бар.

Фото: Nathan Howard/REUTERS

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған