457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

АҚШ босқындарды қабылдау шегін 125 мыңнан 7,5 мыңға дейін қысқартты

Президент Дональд Трамптың жарлығында бос орындардың басым бөлігі Оңтүстік Африканың ақ нәсілді азаматтарына арналғаны жазылған

Президент Дональд Трамптың жарлығында бос орындардың басым бөлігі Оңтүстік Африканың ақ нәсілді азаматтарына арналғаны жазылған, деп хабарлайды Malim.kz DW агенттігіне сілтеме жасап.

Салыстырар болсақ, 2024 жылы Джо Байден әкімшілігі босқындарды қабылдаудың жылдық шегін 125 мың адам етіп бекіткен еді. Ал Трамп өзінің алғашқы президенттік мерзімінің соңында, 2020 жылы, бұл шекті 15 мың адам деңгейінде белгілеген болатын.

CNN дерегінше, Трамп билікке қайта келген алғашқы күні-ақ бұл бағдарламаны тоқтатып, содан бері АҚШ-қа тек аз ғана босқын келген. Олар негізінен XVII ғасырдан бастап Африканың оңтүстігіне қоныс аударған еуропалық отаршылдардың ұрпақтары саналатын африканерлер.

Трамп әкімшілігі Оңтүстік Африкадағы ақ фермерлер нәсілдік кемсітушілік пен зорлық-зомбылыққа ұшырап отыр деп мәлімдеді. Алайда ОАР билігі бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Фото: epa/vostock-photo