457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының трансляциясы неліктен жиі үзілгені белгілі болды

Көрермендер жаппай шағымданғанымен, эфирді тұрақтандыру мүмкін болмаған еді

«Қайрат» пен «Реал Мадрид» футбол клубтарының ойынының онлайн-көрсетілімі кезінде техникалық ақаулар болып, трансляция жиі үзіліп отырды. Көрермендер жаппай шағымданғанымен, эфирді тұрақтандыру мүмкін болмады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қазақстан» РТРК трансляцияға дайындық барысында барлық қажетті шара жасалғанын атап өтті.

«Матч басталғанға дейін барлық техникалық жұмыс жүргізілді. Серверлердің қуаты қалыпты жүктемемен салыстырғанда үш есеге арттырылды, бейнеағын жеткізу жүйесі оңтайландырылды. Алайда трансляция басталған сәттен-ақ туындаған проблеманы жедел шешуге тырысқанымызбен, интернет желісіндегі сыртқы ақауларға байланысты онлайн-көрсетілімді тұрақтандыру мүмкін болмады», – делінген корпорация хабарламасында.

Қазір бұл жағдайға қатысты жан-жақты техникалық талдау жүргізілуде.

«Корпорация көрермендерден келтірілген қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұрайды», – деп қосты «Қазақстан» РТРК.

Фото: Алматы әкімдігі