457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» – «Реал Мадрид»: Алматыда стадионнан тегін автобустар жүреді

Матч аяқталған соң жанкүйерлердің үйлеріне ыңғайлы жетуі үшін 60 тегін автобус қатынайды

30 қыркүйек күні Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында «Қайрат» пен мадридтік «Реал» командалары кездеседі, деп хабарлайды malim.kz.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, стадион испандық клубты қабылдауға толық дайын.

Алаң халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген;

Жарық беру жүйесі мен инфрақұрылым тексерілді;

Ойыншылар мен төрешілерге қажетті жағдай жасалған, киім ауыстыратын бөлмелер жабдықталды;

Трибуналар жаңартылып, 1,5 мыңнан астам орындық ауыстырылды;

Қосымша 60 биодәретхана қойылды, санитарлық тораптар жаңартылды;

Стадион аумағында жедел жәрдем көліктері мен өрт сөндірушілер кезекшілік етеді.

 Жанкүйерлерге тегін автобустар

Матч аяқталған соң жанкүйерлердің үйлеріне ыңғайлы жетуі үшін 60 тегін автобус қатынайды. Олар Абай, Сәтбаев және Байтұрсынұлы көшелерімен қозғалып, мына бағыттарда жүреді:

Орталық стадион – «Алматы Арена» (батыс бағыты)

Орталық стадион – Райымбек/Алатау (батыс бағыты)

Орталық стадион – Алматы-1 теміржол вокзалы

Орталық стадион – «Орбита» шағын ауданы

Орталық стадион – «Жұлдыз» шағын ауданы (шығыс бағыты)

Орталық стадион – Әуежай (шығыс бағыты)

 Қауіпсіздік шаралары

Ойын кезінде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылады.

Фото: Алматы әкімдігі

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00