457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан Лихтенштейнді 4:0 есебімен ойсырата жеңді

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта Лихтенштейн командасын сенімді түрде ұтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бірінші таймның өзінде-ақ біздің футболшылар айқын басымдық көрсетті. Есепті Ғалымжан Кенжебек ашып, көп ұзамай Бахтиёр Зайнутдинов айырмашылықты екі допқа жеткізді.

Екінші таймда Кенжебек дубль авторы атанды, ал кездесудің соңғы нүктесін Әлібек Қасым қойды.

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясындағы 6 матчтың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 6 ұпай жинап, топтық кезеңде төртінші, орында тұр.

Келесі ойын 13 қазан күні сағат 23:45-те Скопье қаласында Солтүстік Македонияға қарсы өтеді.

Фото: ҚФФ