457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті

АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан мен Ресейді Қытайға «беріп қойғандарын» айтып, бұл елдерге «ұзақ әрі бақытты ортақ болашақ» тіледі. Бұл туралы ол 5 қыркүйек, жұма күні өзіне тиесілі Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Біз Үндістан мен Ресейді ең терең әрі қараңғы Қытайға беріп қойған сияқтымыз. Оларға ұзақ та бақытты ортақ болашақ тілеймін! – деп жазды Трамп.

Ол жазбаға Ресей президенті Владимир Путиннің, Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің және Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің бірге тұрған фотосын тіркеді. Алайда dpa агенттігінің мәліметінше, сурет бірнеше жыл бұрын түсірілген.

Айта кетейік, жуырда Қытайдың Тяньцзинь қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммиті өтті. Сол жерде Си Цзиньпин мен Владимир Путин АҚШ пен Еуропаның үстемдігісіз әлемдік тәртіп құруды қолдайтындарын тағы да мәлімдеді. Олар бұрыннан «көпполярлы әлемдік жүйе» орнатуды насихаттап келеді.

Саммит аясында 1 қыркүйекте Путин Үндістан премьері Нарендра Модимен және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен де кездескен. Келіссөздерде Украинадағы соғысты аяқтау мүмкіндіктері мен экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сол күні үнділік Hindu басылымында елдің мұнай министрі Хардип Сингх Пури Ресей мұнайын импорттау арқылы Үндістан «пайдаға кенеліп отырған жоқ» екенін айтқан мақаласы жарық көрді.

Фото: Aaron Schwartz/UPI Photo/IMAGO