457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей армиясына жыл бойы шақыру туралы заң жобасы қабылданды

Мемлекеттік дума сейсенбі күні мерзімді әскери қызметке шақыру тәртібін өзгертуді көздейтін заң жобасын екінші оқылымда қабылдады

Ресей армиясына жыл бойы шақыру туралы заң жобасы екінші оқылымда қабылданды, деп хабарлайды Malim.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Мемлекеттік дума сейсенбі күні мерзімді әскери қызметке шақыру тәртібін өзгертуді көздейтін заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Заң жобасына сәйкес, армияға шақыру жыл бойы жүргізіледі. 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін медициналық тексеру, кәсіби-психологиялық іріктеу және шақыру комиссиясының отырыстары өтеді. Ал қазіргі көктемгі және күзгі шақыру кезеңдерінде мерзімді қызметке жіберу жүзеге асырылады.

BBC мәліметінше, құқық қорғаушылардың пікірінше, шақыру комиссиялары жыл бойы жұмыс істейтін жаңа ережелер енгізілген соң, әскерден жалтару мүмкіндігі азаяды.

Фото: Pyotr Kovalyov/TASS