Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды

Жолдау - Қазақстанның саяси өміріндегі 1997 жылдан бергі дәстүр. Жыл сайын мемлекет басшысы алдағы жылдарға стратегиялық жоспарларды паш етеді.
Жолдау тезистері әдетте атқарушы органдарға нақты тапсырмалар ретінде қаралады. Биліктің барлық тармақтары Жолдауда айтылған мәселе бойынша есеп береді.
Бүгінгі Жолдау - Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент ретіндегі 8-інші Жолдауы.
Бүгінге дейін президенттер тарапынан жалпы 27 Жолдау жасалған. 2012, 2108 жылдары Жолдау 2 реттен жасалып, 2013,2015,2016 жылдары Жолдау болған жоқ.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының трансляциясы бүгін, 8 қыркүйек күні сағат 11:00-де барлық мемлекеттік телеарна және радиодан, сонымен бірге - Ақорданың әлеуметтік желілердегі парақшаларында жасалады.
Сонымен бірге қараңыз: Жолдау-2025 - ТОЛЫҚ МӘТІН

Ең көп оқылған
