457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

БАҚ: Жаз айларында Ресей 23 мың сарбазынан айырылды

BBC мен Медиазона басылымының журналистері, еріктілер тобының қатысуымен, ашық деректерге сүйене отырып, Украинадағы ауқымды басқыншылық кезінде қаза тапқан 128 115 ресейлік әскери қызметшінің есімін анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

5 қыркүйек, жұма күні жарияланған материалдарда олардың жартысынан көбі еріктілер, мобилизацияланғандар және түзеу колонияларынан тікелей соғысқа жіберілген сотталғандар екені айтылды. Яғни, соғыс басталған сәтте Ресей армиясына қатысы болмағандар.

«Ресейдің жазғы шабуылының қорытындысын жасауға әлі ерте, өйткені әскери қызметшілердің қазасы туралы хабар туыстарына кешігіп жетеді, ал бізге оларды тексеруге қосымша уақыт қажет. Дегенмен, белгілі бір деректер қолжетімді», – делінген материалда.

Журналистердің хабарлауынша, жаздың үш айында ресейлік әскерилерге қатысты 23 305 некролог жарияланған. Кейбір күндері 400-420 некрологтан шыққан, бұл 2024 жылғы орташа көрсеткіштен үш есе көп.

Материалда жарияланған некрологтар саны белгілі бір кезеңдегі расталған қаза тапқандардың нақты санына сәйкес келмейтіні атап өтілген. «Жарияланымдардың бір бөлігі (әдетте шамамен 40%) бұрын енгізілген жазбалардың қайталануы болып шығады, тағы бір бөлігі тексеру барысында алынып тасталады», – деп жазады журналистер.

Фото: REUTERS