457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Автобус жүргізушісіне пышақ ала жүгірген адам жұртты шошытты

Әлеуметтік желілерде Алматыда болған жолдағы жанжал туралы ақпарат тарады. Айыпты жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.


Желіде тараған кадрларға қарағанда, белгісіз ер адам автобусқа жүргізуші жағынан келіп, оны сыртқа шығуға шақырған. Бұл ретте ол жүргізушіні балағаттап, автобус терезесін жұдырығымен ұрған. Ер адамды басқа жүргізушілер арашалауға тырысады. Оқиғаны автобустағы жолаушы әйел видеоға түсіріп алған. Бір мезетте оқиға орнына патрульдік полиция экипажы келгені байқалады.

Бейнежазба сипаттамасында "жеңіл көлік жүргізушісі №120 автобустың қозғалысына кедергі келтіріп, қауіпті әрекет жасағаны, кейін автобусқа жақындап, жүргізушіге шабуыл жасағаны және пышақ алып шыққаны" айтылған.  

Алматы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 қыркүйекте таңғы сағат 09:00 шамасында болған.

Оқиға орнында автобустың жүргізушісі мен жеңіл көлік жүргізушісінің арасында жол-көлік жағдайына байланысты жанжал болғаны анықталды. Жеңіл көлік жүргізушісі көлік қозғалысына кедергі келтіргені және апаттық жағдай тудырғаны үшін, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген ведомство хабарламасында.  

Фото: видеодан скрин