457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Пәтер жалдау мен сатып алу құны күрт қымбаттады

Астанада тамыз айында жаңа тұрғын үйлердің бағасы айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Бірінші кредиттік бюроның» деректеріне сәйкес, соңғы үш жарым жылда баға 3,9%-ға өскен. Бұл – 2022 жылдың наурызынан бергі ең жоғары айлық көрсеткіш.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы он жылда мұндай серпін небәрі үш рет тіркелген.

Тамызда жалдау құны да өсті. Бір айдың ішінде жалға алу бағасы 3,1%-ға көтерілді. Сарапшылар өткен жылмен салыстыра отырып, дәстүрлі түрде жаңа оқу жылы қарсаңында жалдау бағасы көтеріледі деп түсіндірді.

Алматыда жаңа пәтер бағасы екі ай қатарынан өзгерген жоқ. Алайда екінші деңгейлі нарықта баға 0,6%-ға өскен. Сондай-ақ тамыз айында жалдау құны шілдемен салыстырғанда 1,7%-ға қымбаттап, осы жылдың ең айқын өсімдерінің біріне айналды. Сарапшылардың айтуынша, мұндай үрдіс өткен жылы да байқалған: қыркүйек қарсаңында жалдау бағасы шамамен 1,5%-ға көтерілген.

Фото: istockphoto.com

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00