freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай облысында 7 мың литрге жуық жанармайды заңсыз әкету әрекеті тоқтатылды

Қоғам
Қостанай облысында 7 мың литрге жуық жанармайды заңсыз әкету әрекеті тоқтатылды
Фото: pixabay

Қостанай облысында 1 шілдеден бері мемлекеттік шекара арқылы жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) заңсыз алып өтудің 282 әрекеті анықталып, жолы кесілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, осы кезеңде 7 мың литрге жуық жанармайдың шетелге заңсыз шығарылуына тосқауыл қойылған. Оның ішінде 4 мың литрге жуығы – бензин, ал 3 мың литрге жуығы – дизель отыны.

Тек өткен тәуліктің өзінде ЖЖМ-ны заңсыз әкетудің 9 әрекеті тіркелген. Көп жағдайда жанармай канистрлерге құйылып тасымалданған.

Сондай-ақ мұнай өнімдеріне арналған ілеспе жүкқұжатының болмауына байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-1-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу