Лондондық «Челси» клубының бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевтың ойыны мен командадағы болашағына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Испаниялық маман жолдастық кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында 17 жастағы шабуылшыны бұрыннан бақылап жүргенін жеткізді.
«Мен Дастанды былтырдан бері, Алматыда жүрген кезінен білемін. Бүгін оның мүлдем басқа деңгейдегі футболшыға айналғанын көрдіңіздер. Ол қарсылас қақпасына үнемі қауіп төндіреді, бос аймақтарға белсенді шығып, шабуыл кезінде өте тиімді әрекет етеді», – деді Алонсо.
Бас бапкер Сәтпаевтың маусымды «Челси» сапында бастайтыны жөнінде әзірге нақты шешім қабылданбағанын да атап өтті.
Оның айтуынша, шабуыл шебіндегі орынға бірнеше футболшы таласып жатыр. Сонымен қатар кей ойыншылардың жарақаты да түпкілікті құрамды анықтауды қиындатып отыр.
Алонсо барлық шешім маусым алдындағы дайындық пен ойыншылардың алдағы кездесулердегі өнері сараланғаннан кейін қабылданатынын аңғартты.