freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Каспий құбыр консорциумы мұнай қабылдауды қайта бастады

Экономика
Каспий құбыр консорциумы мұнай қабылдауды қайта бастады
Фото: ашық дереккөз

Каспий құбыр консорциумы қазақстандық мұнайды қабылдау және экспорттау жұмыстарын қайта жандандырды. Қазір Новороссийск портында екі танкерге мұнай тиеліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазір теңіз терминалындағы екі айлақта SEAMAJESTY және MILOS танкерлеріне мұнай тиеліп жатыр. Екі кеме де "Теңізшевройл" ЖШС өндірген мұнайды қабылдауда.

Министрліктің мәліметінше, терминал жұмысының қайта жандануы мұнай өндіруші компанияларға шикізатты құбыр жүйесіне қайта жеткізіп, экспортты қалыпты режимде жалғастыруға мүмкіндік береді.

Энергетика министрлігі барлық операция қазіргі жағдай мен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жүргізілетінін атап өтті.

Энергетика министрлігі Қазақстанда мұнай өндірісінің неліктен азайғанын түсіндірдіОқыңыз

Сондай-ақ ведомство КТК басшылығымен, ірі мұнай жөнелтушілермен және басқа да қатысушылармен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді. Министрлік жағдайды бақылауды жалғастырып, қазақстандық мұнайдың үздіксіз тасымалдануын қамтамасыз ету үшін жұмыстарды үйлестіріп отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу