Ақтаудың прокуроры "масаң күйде бұзақылық" жасағаны үшін ұсталды

Бірқатар дереккөздердің хабарлауынша, Ақтау қаласының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Ерболат Әбдіров ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің ЖПБ қызметкерлерімен Алматы әуежайында ұсталды.
Оқиға ол демалыста жүргенде, Астанадан ұшып келген кезде болды.
Хабарланғандай, оны "масаң күйде бұзақылық" жасағаны үшін ұстаған. 1977 жылы туған Әбдіровке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы, 1-бөлігі ("Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу") және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық: қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Фото: azh.kz

Ең көп оқылған
