457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сеул АҚШ-тағы рейд кезінде ұсталған оңтүстіккореялықтарды елге қайтарады

Hyundai мен LG компанияларының аккумулятор зауытында ұсталған жүздеген оңтүстіккореялық азамат жақын уақытта еліне оралады, бұл мәселеге қатысты Вашингтонмен жүргізілген келіссөздер аяқталды, – деп мәлімдеді Сеул билігі.


Қос компания салып жатқан аккумулятор зауытының құрылыс алаңында жүргізілген рейд кезінде 300-ден астам жұмысшының ұсталуына байланысты, Оңтүстік Корея үкіметі өз азаматтарын елге қайтармақ. 7 қыркүйек күні бұл мәселе бойынша АҚШ билігімен келісімге келгенін Оңтүстік Корея президенті кеңсесінің басшысы Кан Хун Сик хабарлады.

Оның айтуынша, Вашингтонмен келіссөздер толық аяқталған. Ұсталған оңтүстіккореялықтар елге арнайы чартерлік рейспен жеткізіледі, тек қажетті әкімшілік рәсімдер аяқталуы тиіс екенін атап өтті.

Hyundai зауытындағы рейд – Джорджия штаты

Бұған дейін, 4 қыркүйекте, АҚШ-тың көші-қон органдары Hyundai компаниясының электромобильдерге арналған аккумулятор өндіретін зауытына рейд жүргізіп, 300-ден астам оңтүстіккореялықты ұстағанын Сеулдің Сыртқы істер министрлігі растаған. Министрлік бұл жағдайға байланысты "зор жауапкершілік" сезінетінін айтқан. Оңтүстік Корея үкіметі өз азаматтарына қатысты жүргізілген операцияға байланысты "алаңдаушылық пен өкініш" білдірді, делінген хабарламада. Yonhap агенттігінің дерегінше, ұсталған оңтүстіккореялықтардың көбі АҚШ-қа іскерлік B1 визасымен немесе қысқа мерзімді сапарларға арналған визасыз ESTA жүйесі бойынша келген.

AP агенттігінің мәліметінше, аталған зауыттағы рейд кезінде барлығы 475 шетелдік ұсталған. Бұл операция соңғы 20 жылдағы ең ірісі болды. Агенттік бұған дейін оңтүстіккореялықтар көші-қон рейдтерінде өте сирек ұсталғанын атап өтті. АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі мұндай рейдтерді белсенді жүргізіп отыр.

Оңтүстік Кореяның АҚШ-тағы инвестициясы

Шілде айында Сеул АҚШ-қа 350 миллиард доллар инвестиция құятынын мәлімдеді. Бұл қадам АҚШ президенті Дональд Трамптың қосымша кедендік баж салығын енгізу туралы ескертуінен кейін жасалды. Hyundai автоконцерні мен LG сияқты ірі оңтүстіккореялық компаниялар АҚШ-та жаңа зауыттар салуға миллиардтаған доллар инвестиция салды. Ақ үй басшысы бұл инвестицияларды "баж салығының тиімді жұмыс істейтінінің көрінісі" деп атап отыр.

Фото: ATF Atlanta/ZUMA/IMAGO   

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған