457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Грузияның экс-президенті Тбилисидегі үкіметке қарсы митингке қатысты

Оппозиция үкіметтің отставкасын және мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етті. Акцияға бірнеше жүз адам, соның ішінде Грузияның экс-президенті Саломе Зурабишвили қатысты, деп хабарлайды ТАСС.


Тбилисиде өткен үкіметке қарсы митинг парламенттік сайлаудың өткеніне бір жыл толуына орай ұйымдастырылды. Оппозиция жақтастары Республика алаңында жиналып, Руставели даңғылындағы парламент ғимаратына дейін шеру жасады.

Наразылардың айтуынша, 2024 жылғы 26 қазандағы сайлау бұрмаланған және халықтың еркін білдірмейді. Олар үкіметтің отставкасын, мерзімінен бұрын сайлау өткізуді және өткен жылғы наразылықтар кезінде ұсталғандарды босатуды талап етті.

Демонстранттар Грузия, АҚШ және НАТО туын ұстап шыққан. Акцияға елдің бұрынғы президенті Саломе Зурабишвили де қосылды. Тілшілердің хабарлауынша, митинг бейбіт өтті, полиция қауіпсіздік шараларын күшейтпеді.

Ресми деректерге сәйкес, «Грузин арманы — Демократиялық Грузия» атты билеуші партия 53,93% дауыс жинап, парламенттегі 150 орынның 89-ын иеленген. Ал 5%-дық межеден өткен оппозициялық партиялар сайлау нәтижесін мойындамай, бұрмалау болғанын мәлімдеген.

Фото: Pexels