457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Самокатпен тротуарда жүруге тыйым салынбақ

Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, электросамокаттар нақты мәселеге айналды. 2025 жылдың басынан бері ел аумағында электросамокаттардың қатысуымен 361 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 365 адам түрлі жарақат алып, бір адам қаза тапқан.

«Бақылауды күшейту жөніндегі ұсыныстар ІІМ тарапынан өткен жылы да енгізілген болатын. Алайда олардың бірқатары қолдау таппады. Осыған байланысты депутаттармен бірлесіп, жаңа түзетулер әзірленді. Онда электросамокаттардың тротуарларда жүруіне тыйым салу қарастырылған», — деді ол.

Фото: pixabay.com