457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтөбе облысында жол апатынан екі бала қаза тапты

Тағы бір бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр

Ақтөбе облысындағы Самара – Шымкент тасжолында болған жол апаты екі баланың өмірін қиды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тағы бір бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Хромтау аудандық ауруханасында алты адам ем қабылдап жатыр. Оның бірі – 2009 жылы туған жасөспірім. Төрт науқас жансақтау бөлімінде, екеуі палатада ем алуда. Оқиға орнына облыс орталығынан реаниматолог, травматолог, хирург және нейрохирург мамандардан құралған екі бригада жіберілген. Зардап шеккендерге қажетті ем-дом мен оталар жасалып, барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрі-дәрмек пен қан қоры жеткілікті.

Ауруханаға жеткізіліп, кейін үйіне жіберілген бір адам қайта жатқызылған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

Оқиға орнына Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров барып, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

«Жанымызға бататын ауыр қаза. Тума-туыс пен жақындарға көңіл айтамыз. Таңертеңгі сағат 8 шамасында болған оқиғадан кейін барлық мемлекеттік органдар өз жұмысын атқарып жатыр. Біздің тарапымыздан жан-жақты көмек көрсетіледі. Барлық жағдай менің бақылауымда», – деді өңір басшысы.

Фото: видеодан кадр