457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушысы қайтыс болды

Азербайжан азаматы Нурулла Сираджов жұбайымен бірге ұлдары тұратын Грозный қаласына бара жатқан, деп хабарлайды Malim.kz Oxu.az сайтына  сілтеме жасап.

Ұшақ апаты кезінде ерлі-зайыптылар жарақат алып, ауруханаға жеткізілген еді.

Азербайжан БАҚ-тарының хабарлауынша, ер адам онкологиялық аурудан көз жұмды. Айта кетейік, Сираджов сол сапарда Грозныйда қатерлі ісікке байланысты операцияға түсуі керек болған, алайда әуе апатына байланысты ол жоспар жүзеге аспаған.

Өкінішке қарай, ол дертін жеңе алмады.

Еске сала кетейік, Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшағы 2024 жылғы 25 желтоқсан күні таңертең Ақтау маңында апатқа ұшыраған еді.

Ұшақ бортында 5 экипаж мүшесі және 62 жолаушы болған. Олардың 38-і қаза тапқан.
Фото: oxu.az