457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

550 адам ақша салса да, үйін ала алмай отыр

5,5 млрд теңге ақша алған

«Интерьер Строй Ақтау» ЖШС-нің басшылары алаяқтық жасағаны үшін сотталған. Бұл туралы Маңғыстау облысы прокуратурасы хабарлады. 


2020-2023 жылдар аралығында «Интерьер Строй Ақтау» ЖШС-і тұрғын үй құрылысының нысандары бойынша салымшылармен алдын ала сатып алу-сату келісім шарттарын жасасып, шамамен 5,5 млрд теңге көлемінде қаражатты иемденген. Алайда, тұрғын үй нысандары бойынша құрылыс аяқталмай, салымшыларға уәде етілген баспаналар берілмеген, — делінген хабарламада.

«Интерьер Строй Ақтау» ЖШС-нің басшылары алаяқтық жасағаны үшін сотталған.

Прокуратура органдары «AQ QALA 2024», «Сұлтан-Жеңіс» және «Murager-Aktau» тұрғын үйлерінің салымшыларының мүддесін қорғау мақсатында пәтерлерді алдын ала сатып алу-сату келісім шарттарын бұзу, «Интерьер Строй Актау» ЖШС-нің құрылыс нысандарын тұрғын-үй құрылыс кооперивтерінің меншігіне беру туралы сотқа талап арыз берді. Ақтау қалалық № 2 сотының 2025 жылғы 5 және 9 қыркүйектегі шешімі бойынша прокуратураның талап арыздары қанағаттандырылды, — делінген прокуратура хабарламасында.

Сот шешімі салымшыларға мемлекет қолдауымен құрылысты аяқтап, болашақта баспаналарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Көрнекі сурет: СҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы